Кітап-бұл адамның ішкі әлемін байыта алатын таптырмас және баға жетпес нәрсе.Қазіргі уақытта кітаптар бұрынғыдай танымал емес. Қоғам пайдалы және қызықты кітап оқудың орнына әлеуметтік желілерде отырады. Жақында оқуға деген қызығушылықты жандандыру үшін әртүрлі викториналар,конкурстар,бейнероликтер,челлендждер өткізу арқылы кітап оқуға көбірек көңіл бөлінді . 2023 жылғы 6-24 наурыз аралығында Халықаралық Балалар кітабы күніне арналған "Буктрейлер" республикалық бейнероликтер байқауы өтті. Байқауға 7-17 жас аралығындағы жалпы орта білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты. Жарқайың ауданы бойынша бұл байқауға 6 мектеп қатысты. "Құмсуат ауылының негізгі орта мектебі" КММ атынан осы байқауға 4 сынып оқушысы Бекешева Дилара қатысты,ол "жас оқырман"номинациясы бойынша қазылар алқасының мүшелерімен жүлделі орынға ие болды. Дилара сертификат пен кітап түрінде естелік сыйлықпен марапатталды.